• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбелік  ӨКП колледжде кәсіпкерлер мектебін ашты 09.02.2015

«Инновациялық жоба студенттік  кезден бастап білікті кәсіпкерлерді дайындауға мүмкіндік береді. Жастарға өз арманын жүзеге асыруда кәсіби дәріс берушілер мен бизнес-тренерлер қолғабыс көрсетеді», - деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Шеберлік сағаттары жұмасына еі рет өтетін болады.

«Бұл Ақтөбедегі оқу орнына  енгізіліп отырған тұңғыш жоба.Студенттер  колледж дипломымен қоса бизнеске бастама ретінде алғышартты білім алып шығады. Бұл өз ісіңді ашуға шабыт береді, болашақта жастарға ірі кәсіпкер атануға мүмкіндік бермек», - деді ӨКП директорының орынбасары Дәмила Құнанова.

Сондай-ақ, Палата сарапшылары мен ірі кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылатын болады. Тыңдаушылар өз жобаларын Палата қолдап, әлеуетті инвесторлардың да табылуына куәгер бола  алады.


Back to the list