21.01.2015
Министрлік хабаралағандай, «Әлеуетті инновациялар» номинациясында «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ қазақстандық компания жоғары қарқынды ультрадыбыспен емдеу технологиясын (HighIntensity Focused Ultrasound) енгізгені үшін жеңімпаз атанды.
Бүгінгі таңда бұл қатерлі ісік ошағын жоюда инвазивтік емес тәсілінің жалғыз түрі болып табылады, яғни емдеу шаралары барысында тері бетінің тұтастығы бүлінбейді.
Еуропалық сапа жүлдесі бизнес үдерістерді басқару жүйесін және жұмыс сапасын жақсарту үшін берілетін еуропалық беделді сый болып саналады.
Жүлдені Орталықтың бас директоры, медициналық ғылымдар докторы, профессор Абай Багенжин қабыл алды. Марапаттау салтанатына Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов қатысты.