14.01.2015
«Сағатына 500 кг өнім беретін жаңа цех келер жылы ашылады деп күтілуде. Оның жүзеге асырылуы 10-15 шақты қосымша жұмыс орнын ашпақ. Жобаның жалпы құны 75 млн теңгені құрайы», - делінген хабарламада.
2004 жылдан бері Сермұхамет Ахмутдинов негізін қалаған кәсіпорын ағаш өңдеумен, құрылыс материалдарын шығарумен және ағаштан өзге де бұйымдар жасаумен айналысады. Шығаратын өнім түрлері 50-ден асады.
Өткен жылы «Ахмутдинов» ЖК ағаш қалдықтарынан ағаш паллеттері немесе отын брикеттерін шығару цехын ашу бойынша ауданның үдемелі индустриялды-инновациялық даму картасына енді.
Бүгінде кәсіпорында 75 адам еңбек етуде. 2013 жылы кәсіпорын 11 пәтерлік 7 үй, дүкен, кәсіпорын қызметкерлеріне асхана салды. Сонымен қатар білім беру нысандары мен балабақшаға демеушілік көмек көрсетті. Соколов балалар үйі, Архангельск интернаты, соқырлар бірлестігі, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, зейнеткерлер, ауданның шығармашылық ұжымы осы ұйымнан қолдау көіп отыр. Сонымен ауылдық жерлерді көркейту, спортты дамыту мен студенттер оқуына көмек беру де назардан тыс қалып жатқан жоқ.