09.01.2015
«Қазақстанның қоңыр көмірінен бензин және дизельді отын өндіру жобасын 2013 жылдан бері Көмір химиясы және технологиялар институты іске асыруда. Көмірді қайта өңдеу үдерісі дүние жүзі мамандарымен дайындалған, алайда қазақстандық ғалымдар бұл технологияны отандық қоңыр көмір ерекшеліктеріне сәйкес бейімдендіре алды, сондай-ақ технологиялық үдерісті шапшаңдатып және отын бағасын төмендете алды», - дейді Д.Егізбаев.
Сонымен қатар, бас директор атап өткендей, 2015 жылдың сәуірінде шағын тәжірибелік-эксперименттік кешен құрылмақ.
«Ерементау жанындағы «Сарыадыр» көмір кенішіндегі шағын тәжірибелік-эксперименттік кешеннің қуаттылығы тәулігіне 0,8 тоннаны құрайды. Осы ретте сұйық отынның бағасы 1 литрына 42 теңгені көрсетеді. Бүгінгі күні, көмірден бензин және дизельді отын өндіру бойынша эксперименттік кешені жұмысының сәтті жүрген жағдайында өнеркәсіптік өндіріске қаржы жұмсауға дайын инвестор да табылып отыр», - деп түсіндірді ол.
Камила Амирова