22.12.2014
Франция мен Ұлыбританияның ғарыш кәсіпорындарынан қазақстандық 45 инженер Жерді қашықтықтан басқару жер серігін жобалау, жинау мен сынау бағыттары және ғарыш суреттерін қабылдау және өңдеу мәселелері бойынша тәжірибелік тағылымдаманың толық курсынан өтті», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 20 маусымында Орынбор облысындағы ресейлік «Ясный» ғарыш айлағынан орта қашықтықтағы «KazEOSat-2» екінші Жерді қашықтықтан басқару (ЖҚБ) жер серігі ұшырылған еді. Қазіргі таңда орбитада «KazEOSat-2» ғарыш аппаратын жазғы-құрастыру сынағы жүргізіліп жатыр. Оны қабылдау уақыты 2015 жылдың екінші маусымы.
Осылайша Қазақстанда соңғы тұтынушыға ЖҚБ мәліметтерін қабылдау, өңдеу және таратуға арналған жер бетінің мақсатты кешені мен жер серіктерін жер бетінен басқару кешені, сонымен қатар «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» атты ЖҚБ жер серіктерінен тұратын Жерді қашықтықтан басқарудың толыққанды ғарыштық жүйесін құру аяқталады.
«ЖҚБ меншікті жер серігінің болуы Қазақстан Республикасы экономика салаларының тиімділігін арттыруда үлкен стратегиялық маңызға ие. Нақтырақ айтар болсақ, төтенше жағдайларды анықтау мен бақылау жұмыстарын атқаруға, ауыл шаруашылығы егістігінің күйін бақылау мен оған мониторинг жасауға, ауыл шаруашылық жерлерді картаға түсіруге, топографиялық картаны құру мен жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жер және қала құрылысы кадастрын күн тәртібіне әкеліп, су және орман ресурстарын бақылау мен оларға мониторинг жүргізу, жер қойнауын пайдалану мен оған монитоинг жүргізу, жол жағдай мен құрылысын бақылау мен талдау, салалық геопортал құру секілді өзге де жұмыстарды жасауға жол ашады», - деп хабарлайды министрлік.
Индира Қауметова