09.12.2014
Форум қорытындысы бойынша жеңімпаздар ТМД және Қазақстанның темір жол көлігі оқу орталықтарында біліктілігін көтереді. Өздерінің технологиялық жобаларын өндіріске енгізеді. Бірқатары компания басшылығының шешімімен жаңа лауазымдарға тағайындалы.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин жастарды мерекелерімен құттықтай келіп, Ұлт Көшбасшысының 2014 жылғы қарашаның 11-індегі Жолдауына тоқталды. «Жастар – біздің болашағымыздың тірегі.Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!-деген болатын. ҚТЖ басшысының айтуынша, компаниядағы жастар саясаты жас еңбеккерлердің ел әлеуетін көтеруге құлшыныстарын арттырады.
«Компания Қазақстанның әлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына ену қозғалысының алдыңғы қатарында келеді. ҚТЖ ел экономикасының инфрақұрылымдық негізін қалайтын көліктік-логистикалық кешеніне айналуда. Бүгінгі таңда компания әуежайлар мен теңіз және құрғақ порттар инфрақұрылымын да басқарады. «Автожол» компаниясын басқару туралы да шешім қабылданды»,- деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин.
Форум қорытындысы шығарылған соң «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті, компанияның аппарат басшысы, салалық кәсіподақ ұйымы жеңімпаздарды марапаттады.Төрт қатысушы ұлттық компанияның құрылымдарындағы лауазымды қызметтерге тағайындалды.
Бес жас маман «Болашақ басқарушылар» аталымының жеңімпаздары бес жас қызметкер ҚР аумағында білімін жетілдіретін болса, бірінші орынға ие болған жоба иесі ТМД елдерінің біріне және алыс шетелге жолдама алады.
Жастар форумының аяқталуы қарсаңында оған қатысушылар ҚТЖ бас офисінде орналасқан Темір жол көлігі мұражайына 2030 жылдың жастарына арнаған Капсула-Пирамида символикалық белгісін орнатты. Капсулада қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жастарды патриоттыққа, темір жол саласына шын берілгендікті, отбасы құндылықтарын сақтап, отан алдындағы міндетін абыроймен ақтауға үндейтін шақыру жазылған.