• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР ҚМ әскери клиникалық госпиталінде инновациялық технологиялар табысты енгізілуде 05.12.2014

3D технологияларды, қазіргі заманғы хирургиялық аппараттар мен энергергетикалық құрылғыларды қолданумен жасалған операциялар профессор Орал Оспановтың жетекшілігімен орындалды.

Оларға Делиден келген Арвинд Кумар, Киевтен келген Михаил Сербул, Мәскеуден келген Николай Матвеев сияқты шетелдік әріптестері қатысты. Бұл туралы ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталінің жетекші хирургі медицина қызметінің подполковнигі Ержан Смайыл 2014 жыл үшін емдеу-диагностикалық жұмыстың қорытындысы бойынша өткен қызметтік мәжіліс барысында хабарлады.

Жетекші хирург госпитальдің дәрігерлер құрамы алдында алдыңғы қатарлы хирургиялық технологияларды енгізу туралы баяндама жасап, осы бағыттағы жұмыстардың қорытындылары туралы әңгімелеп берді.

«Емдеу-диагностикалық әскери денсаулық сақтау мекемесінде әрбір нақты пациент үшін оперативтік емдеудің дербес түрі таңдалады, бұл дәстүрлі тәсілдер кезінде қол жетпейтін хирургиялық емдеудің мүмкідіктерін айтарлықтай кеңейтуге жол ашады» - деп Е. Смайыл атап өтті.

«Жоғары технологиялы операциялардың тиімділігі қазіргі заманғы жабдықтардың болуымен қамтамасыз етіледі. Біз госпиталімізде орналасқан интеграцияланған модульді операция жабдығына үлкен үміт артып отырмыз. Мұндай операция бөлмесі әлемдік деңгейдегі медицинаның талаптарына жауап береді», - дейді жетекші хирург. Е. Смайыл.

Е. Смайыл «Қазақстандық әскери медицинада бүгінгі таңда қарқынды дамып, қалыптасқан көзқарастарды түбегейлі өзгерліп келе жатқан алдыңғы қатарлы технологияларды табысты қолдануға барлық қажетті жағдайлар жасалып келеді» деп санайды.


Back to the list