03.12.2014
ҰКП хабарлағандай, жер телімдерінің онлайн түріндегі мәліметтер базасын жасау бойынша жұмыстардың негізгі бағыттары жұмыс тобының алғашқы отырысы барысында талқыланды, оның құрамына кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму , жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармалары мен «Atyrau Innovations» ЖШС өкілдері кірді.
«Электронды мәліметтер базасына Атырау облысының индустриалды аймағында орналасқан жер телімдері туралы мәліметтер енгізіледі деп жоспарлануда. Яғни кез келген инвестор, отандық немесе шетелдік, ғаламтор арқылы аумақпен, өндіріс орындарымен, индустриалды аймақтардағы инфрақұрылым нысандарымен таныса алады», - деп санайды Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Ардақ Түкенова.
Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері айтқандай, бүгінгі таңда Атырау қаласының мемлекеттік қалақұрылысы кадастрын әзірлеу аясында облыс орталығының электронды картасын жасау жүріп жатыр.
Жұмыс тобының мүшелері құзырлы органдардан индустриалды аймақ бойынша ақпарат сұратып, ол Атырау қаласының электронды картасына енгізу үшін облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына жолданатыны айтылған.