27.11.2014
«Университетте «Астана – Елбасының ерлігі» атты көрме ашылды, онда ЖОО-ның сәулет және құрылыс факультеті студенттері жасаған Астана мен Өскеменнің заманауи сәулет құрылыстарының макеттері қойылды. Сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан құрылысына сіңірген баға жетпес үлесі мен Елбасына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.
Президент күні аясында ҚР Президентінің стипендиаттарына сертификаттар және басқа атаулы стипендиялар иелеріне сертификаттар, «Инновация – 2014» Таңдаулы инновациялық жоба» дәстүрлі байқауының жеңімпаздарына университет ректоры Нұрлан Темірбеков марапаттар тапсырды. Байқауда бірінші орын алған ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі Сергей Лутай «Алтын грифонға» ие болды.
ШҚМТУ-дың магистранты Алина Ким «Автомобиль жолдары мен тротуарларды мұз бен қардан тазарту үшін қондырғыны жетілдіру» инновациялық жобасы үшін дипломмен және «Күміс грифонмен» марапатталды. «Қола грифонның» иесі – магистрант Дидар Қасым. Ол техногенді қалдықтарды кесу шін қондырғы ойлап тапқан.