• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан инноваторлары АҚШ-та тағылымдамадан өтті 18.11.2014

«Бағдарлама барысында қазақстандық стартаперлер стратегия, маркетинг пен технологияны тиімді түрде ұштастыратын технологиялық бизнесті дамытудың заманауи қағидаларын меңгерді. Қатысушылар Кремниев аңғарының экологиялық жүйесіндегі инновациямен танысып, өңірде жұмыс істеп жатқан алдыңғы қатарлы кәсіпкерлермен кездесті. Атап айтар болсақ, олар ORRICK, Womennation компанияларын құрушылар мен өзгелер. Сонымен қатар, қатысушылар өзге елдердің стартап тәжірибелерімен танысып, инкубация бағдарламасына қанық болды. Бұдан бөлек Plug&Play компаниясы акселераторларымен жүздесіп, Беркли университеті оқытушысы Наэм Зафардың лекциясын тыңдады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, KazINNO байқауын ҚР Инвестиция және даму министрлігінің қолдауымен «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ ұйымдастырған еді. Байқауға биыл 450 стартап жоба иесі қатысып, түрлі экономика салалары бойынша сынға түскен еді. 


Back to the list