17.11.2014
«Қазақстанда барлығы 4 мыңға жуық идея мен ғылыми зерттемелер сәйкестендірілді, олардың ішінде 580 жобаға қолдау көрсетілді. Инноватор-ғалымдар ретінде Қарағанды тұрғыны Евгений Вороновқа қолдау көрсетілді. Ол өзінің кішкентай шеберханасында екі дәнекерлерушілермен жылыту қазандықтарының өндірісін іске қосты. Бұдан кейін ол ҰТДА өтініш берді, 6 млн теңгеден астам көлемде инновациялық грант алып, ЖШС құрды. Бүгінде ол түрлі қуаттылықтағы 12 қазандықты өндірді. Олар түрлі нысандарға қойылды, тіпті әкімшілікке де. Бұл қазандықтар жанармайды 40%-ға дейін үнемдейді», - деді ол.
Сонымен қатар, Төлеушин толықтырып өткендей, «Бәйтерек» холдингісі инновациялық қызметке белсенді қолдау көрсетіп келеді және осы мақсатта Ұлттық теникалық даму агенттігі өз үлесін қосуда. Оның айтуынша, екінші бесжылдықта инновациялық белсенділікке, жеке каптиалдың деңгейі мен жоғары технологиялы өнімге басымдылық беріледі.
Компанияның мәліметі бойынша шетелдіктердің технологияға инвестициясы 20 есе артты, яғни 2-ден 40 млрд теңгеге дейін көбейді. Егер 2003-2009 жылдар ішінде 180-ге жуық жоба қолдау тапса, соңғы 3-4 жылда 580 жоба мақұлданған.
Индира Кауметова
Суретті түсірген Азамат Әлиев