• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылы ақпараттық-телекоммуникациялық бағыттағы белсенділік артты – Ізтілеуов 17.11.2014

«Агенттіктен өтетін өтініштерге қарап негізгі жобалардың көмірсутек шикізатының өндірісі, тасымалы мен өңдеуіне байланысты екенін айтуға болады. Сонымен қатар, АӨК мен мұнай химиясы саласындағы жобалар да белсенді түрде өтініш беруде. Машина құрастыру саласы мен ақпараттық-телекоммуникациялар саласындағы жобалардың да белсенділігі жоғары», - деді ол.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда инновациялық жобаларды қаржылық қолдаумен қамтамасыз ету аясында Агенттік қарауына 1400-ден астам өтініш кеп түскен. Солардың арасында жалпы құны 9,9 млрд теңгеге 227 инновациялық жобаға грант берілді. Ал 116 бастауыш инновациялық кәсіпорынға технологиялық бизнес-инкубация қызметтері көрсетілді.

Индира Қауметова


Back to the list