• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 20 пайызы Қытаймен арада жасалады 12.11.2014

«Таяуда өткен Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының кездесуінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы сөз болып, Алматы өңірлік қаржы орталығы арқылы екі елдің төлем инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі айтылған еді. Осы орайда бүгінгі China Union Pay компаниясының төлем жүйелеріндегі әлемдегі озық тәжірибесін Қазақстанға енгізудің маңызы зор», - деді Қ.Келімбетов. 

Оның айтуынша, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 20 пайызы Қытаймен арада жасалады, осы тұрғыда Қытай елімізбен сауда айналымының көлемі жағынан Қазақстанның сыртқы сауда әріптестерінің ішінде алғашқы үштікке кіреді.

«Қазақстан кез келген салада инновация мен жаңалықтарды құшақ жая қарсы алатын мемлекет. Бүгінде тұсауы кесіліп отырған Халықаралық біріңғай төлем жүйесінің бірлескен жобасы еліміздегі төлем қызметтерінің сапасын арттырып, азаматтардың әлемдік деңгейдегі төлем карталарын иеленулеріне жол ашпақ», - дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы.

Айта кетейік, Қазақстанда Altyn UnionPay және Altyn UnionPay Gold бірегей ко-бренд төлем карталарын шығару бойынша еліміздің екінші деңгейлі банктерінің бірімен Union Pay International халықаралық төлем жүйесінің бірлескен жобасы іске қосылды. Халық банкінің Altyn жергілікті төлем жүйесі мен Union Pay  халықаралық төлем жүйесі брендтерін қоса отырып шығарылған төлем карталары өте жоғары қауіпсіздік сапасына ие болуымен қатар, отандық және шет елдік коммерциялық банктерінің банкоматтарында қабылданады және қызмет көрсетеді.


Back to the list