• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Жас Отан» «Әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі картасы» мобильді қосымшасын әзірледі 04.11.2014

«Бұл мобильді қосымшаның ерекшелігі – ол краудсорсинг ұстанымы бойынша республиканың түрлі қалаларының тұрғындарынан келіп түскен ақпараттар негізінде құрылады. Қолжетімділік картасы мүгедек жандарға көмектесумен қатар, оларды қала инфрақұрылымындағы қолжетімді нысандар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған», - делінген хабарламада.

IOS және Android арқылы республиканың кез келген өңірінің тұрғыны нысанды суретке түсіп, оны бағалап, ол туралы пікірін жазып, мәліметтерді Қолжетімділік картасына жібере алады. Мобильді қосымшаны қажет еткен адам Play Market  және App Store арқылы тегін көшіре алады. Аталмыш қосымша партиялық «Электронды партия» жобасының аясында әзірленді.

Қолжетімді карта санаттарына кірген нысандар саны әртүрлі, олар - мемлекеттік мекемелер, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, спорттық нысандар, арнайы бағдаршаммен жабдықталған жол қиылыстары, көлік тұрағы және тағы басқалары.

Жобаның әзірлеуші - «Жас Отан» Жастар қанаты.

«Қазіргі таңда жаңа технологиялар мен гаджеттерді әсіресе жастар белсенді түрде пайдаланатыны мәлім. Сондықтан, осы іс-шараға атсалысуға біз жастарды тартып отырмыз.  Солардың жасампаздықтарының арқасында Қолжетімділік картасы қоғамда керекті құралға айналатынына сеніміміз зор», - дейді «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов.

«Әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі картасы» мобильді қосымшасына тәуелсіз сарапшылар да өз бағасын берді.

 


Back to the list