• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларында жыл басынан бері  94 мыңнан астам  жүргізуші куәлігі берілді 03.11.2014

«Жүргізуші куәліктерін беру және автокөліктерді тіркеу бойынша Астана мамандандырылған ХҚКО-сы мен Ақмола облысы Целиноград ауданының ХҚКО-сына Парламент Сенатының депутаттары келіп кетті.Мамандандырылған ХҚКО-да сенаторларға жүргізуші куәліктерін алу және автокөлік құралдарын тіркеу процесі көрсетілді. Бүгінде Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихан тапсыруды ескергенде, орташа есеппен шамамен 2 сағат уақыт кетеді.  Осындай нәтижеге мемлекеттік органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерін интеграциялау және бизнес-процесстерді автоматтандырудың арқасында қол жеткізілді. Автокөлікті тіркеу/қайта тіркеу кезінде агрегаттарды салыстырудың Орталықтың аумағында, автокөлік үшін арнайы көзделген ангарда өтуінің арқасында көлік құралын тіркеу уақыты қысқарды», - делінген хабарламада.  

«ХҚКО қызметкерлері құжаттар қабылдауға ғана, ал әкімшілік полиция қызметкерлері көлік құралдарын тіркеу куәліктері мен жүргізуші куәліктерін дайындау процесіне қатыстырылады. Осылайша, мамандандырылған ХҚКО-да міндеттерді қатаң бөлу қолданылады, бұл азаматтардың құжаттарды дайындаумен айналысуға жауап беретін орындаушылармен тікелей байланысқа түсуіне жол бермейді, нәтижесінде бұл сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алады», - деді  ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Сәкен Сәрсенов.

Сарсеновтың айтуынша, ағымдағы жылдың қазан айынан  бастап Астана қаласының мамандандырылған ХҚКО-сында психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің анықтамаларын алуға болады. Осылайша, психологтар мен наркологтар барлық қызмет етіп жатқан мамандандырылған ХҚКО-ларда жұмыс жасауда. Бүгінгі күні Қазақстанда осындай 5 орталық жұмыс жасайды, жылдың соңына дейін тағы да 4 қалада – Қызылорда, Петропавл, Павлодар және Талдықорған қалаларында ашылатын болады.

Бұдан басқа, экскурсия барысында сенаторларға өткен жылы барлық 260 ХҚКО-да орналастырылған Connection Point өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы көрсетілді, бұл жерде  азаматтар кезек күтпей электрондық үкімет порталы арқылы өздігінен электрондық қызметтер ала алады.

 


Back to the list