30.10.2014
Startup Weekend іс-шарасы бүкіл әлем бойынша жүйесі 30 мың инноваторлардан тұратын, өз істерін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің жаһандық бастаманың бөлігі болып табылады.
«Іс-шараның басты идеясы – қатысушылар бірінші күні бір идеямен келеді де, сол күнгі кеште-ақ командалар құрып, үшінші күннің кешінде өнімнің прототипін және үш күннің немесе 54 сағат қарқынды жұмыстың нәтижесі ретінде қазылар алқасының қарауына ұсынады», - деп хабарлады қалалық әкімдік.
«Astana Startup Weekend»-тің тақырыбы «Идеядан бизнеске дейін». Іс-шараның ұйымдастырушылары «Astana Startup Weekend - 2014» Астана қаласы үшін креативтік әзірлеушілер мен ақылды стартап-жобалардың жаңа аттарын әйгілі ететіндігіне үміт артады.
«Astana Startup Weekend 2014»-тің жүлде қоры 1 млн. теңгені, сондай-ақ EMC халықаралық компаниясынан гран-приді құрайды.
Astana Startup Weekend іс-шарасының жүлдегерлеріне «Астана Innovations» АҚ технологиялық бизнес-инкубациялауына жеңілдік негізде қатысуға мүмкіндік берілетін болады.
Аталған іс-шара 2012 жылдан бастап жыл сайынғы негізде өткізіліп келеді. Екі жыл ішінде іс-шараларға 200-ге тарта адам қатысты, 40-қа жуық командалар қалыптасты. Шара жүлдегерлері стартап компаниялар құрып және өздерінің бизнес-идеяларын іске асыруда.