• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада технологияны коммерциялау бойынша оқыту семинары өтеді 23.10.2014

Семинар Елдегі технология және инновация саласындағы кәсіпкерлік мәдениетті құру мен дамыту мақсатында ұйымдастырылады.

«Оқыту бағдарламасы технологияны коммерциялаудың негізгі аспектілерін, зияткерлік меншікті басқару мәселелерін, протитиптендірудің маңыздылығын, стартап компанияларды құру мен басқару ерекшеліктерін қарастырады», - деп хабарлайды ұлттық агенттік.

Хабарламада айтылғандай, технологияны коммерциялау кеңселерінің қызметкерлері мен технологияны дайындау мамандарынан тұратын семинар қатысушылары лекция курстарын тыңдаумен қатар жобалармен стратегиялық жұмыстар аясында халықаралық деңгейдегі сарапшылармен технологияны коммерциялау стратегиясын анықтау мен құру бойынша тәжірибелік қабілеттерді дайындау мүмкіндіктеріне қол жеткізеді.

Оқыту бағдарламасына лектор мен менторлар ретінде ғылым мен инновацияны дамыту саласында көпжылдық тәжірибеге ие алдыңғы қатарлы ресейлік сарапшылар қатыспақ.  

Айта кету керек, технология мен инновация саласындағы кәсіпкерлік құзіретті қалыптастыру бойынша осындай шаралар Қазақстанның Шымкент, Алматы және Өскемен қалаларында өтті.


Back to the list