21.10.2014
«Технопарк жобаларды технологиялық бизнес –инкубациялау мен инновациялық жобаларды отандық және шетелдік нарыққа шығаруға мүмкіндік жасайды. Елдің өнеркәсіп орталығының ынтымақтастығы – өңірлік бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді жолы», - делінген хабарламада.
Екібастұз қаласы келісім орнату орталығы ретінде бекер таңдалмады. Қалада елдегі ең ірі көмір өндірілетін орын бар, ол жерде жылына 42 млн тонна көмір өндіріледі. Сондай-ақ, екібастұздық электр станциялары бар.
«Бүгінгі таңда елде индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Бағдарлама инновацияны дамытуға басымдық беріп отыр. Осы бағытта Астана қаласының технопаркімен бірлескен жұмыс орнатылады. Біз кәсіпорындар мен ұйымдар арасында іскер бағыттағы ынтымақтастық жүргізіп, ғылыми-техникалық саланың кеңеюіне бағытталған жұмыс жүргізуге дайынбыз», - деді Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бағадат Нұрбаев.
Тараптар бірлескен көрме өткізу, симпозиум, заманауи өндіріс технологиясын ұйымдастыру салалары бойынша жұмыс істейтін болады.