• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе қаласында пәтер алуға 5 минут ішінде  90 өтінім қабылданды – Самұрық-Қазына 21.10.2014

Сатып алу құқығымен жалдау арқылы өткізілетін пәтерлер үшін ай сайынғы төлемнің мөлшері 1 шаршы метр үшін 1289,41 теңгені құрайды.

«Пәтер алу туралы өтінімдер Ақтөбе қаласында баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетін адамдардан www.fnsk.kz веб-сайты арқылы 04 қараша сағат 10.00-ге дейін қабылданады», - деп хабарлады Қор.

Сатып алу құқығымен жалдау арқылы өткізілетін пәтерлердің жалпы саны – 30  пәтер.

Өтінімдерді қабылдаудың белгіленген мерзімінде барлық тіркелген пайдаланушылар үшін пәтер алуға өтінім жіберу мүмкіндігі бір мезгілде ашылды.

Пәтер алу туралы өтінімдер Ақтөбе қаласында баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетін адамдардан қабылданады.

«Бүгінгі күні www.fnsk.kz сайтына 11 000-нан астам адам тіркелді. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап алғашқы 2 секунд ішінде  61 өтінім, 5 минут ішінде – 90 өтінім қабылданды. Демек, таусылмайтын кезек мәселесі шешілді деуге болады», - деді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Аппарат жетекшісі Рүстем Бектұрымов.

 


Back to the list