07.10.2014
Аталмыш жобаның авторы кәсіпкер Көмек Рақымжанов 2014 жылдың мамыр айынан бастап осы күнге дейінгі аз ғана уақыт аралығында бүгінгі күні өзекті болып есептелетін құрылыс материалын өндіруді ұйымдастырды. Бұған дейін мұндай өнім Қазақстанда шығарылмағандықтан бұл жоба қамтылуы бойынша инновациялық болып есептеледі, деп хабарлады Ұлттық палата.
Дайын өнім экологиялық таза, усыз, температураның ауытқуына шыдамды, соққыға төзімді және көрікті. Өнімді бірнеше түспен шығару жоспарлануда.
Айта кетерлігі, шифердің негізгі материалы күріш қауызы мен сабан, сондықтан да өндіріс ауылдық жерде орналастырылды. Оның маңайында күрішті өңдейтін фермерлік шаруашылықтар бар.
Жоспар бойынша, аталмыш өндіріс желісі тәулігіне 1000 шаршы метр шатыр материалын шығарады. Бүгінгі таңда жұмысқа 15 адам жұмылдырылды. Болашақта олардың саны 40 адамға жетпек.