18.09.2014
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтетін семинарға мүдделі тұлғалар, өнертапқыштар, ғалымдар, өз ісін ашам деуші кәсіпкерлер және т.б.шақырылады.
Қатысушылармен кездесуді «ТДҰА» АҚ Қолдау құралдарын әкімшілендіру орталығы директорының орынбасары Асель Тілегенова мен Технопарктің сарапшылары өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігі инновациялық гранттардың операторы «ТДҰА» АҚ арқылы 9 бағыт бойынша мемлекеттік қолдау көрсетеді. Оның ішінде технологияларды коммерцияландыруға – 25 млн. теңгеге дейін, шетелдік патент алуға – 3 млн.теңгеге дейін, өнеркәсіптік зерттеулерді орындауға – 30 млн. теңгеге дейін, инженерлік-техникалық қызметкерлердің шетелде біліктіліктерін арттыруға – 2 млн.теңгеге дейін; шетелден жоғары білікті мамандарды шақыруға – 9 млн.теңгеге дейін; консалтингтік, жобалық және инжинирингтік компанияларды тартуға – 30 млн. теңгеге дейін; басқарушылық және өндірістік технологияларды ендіруге –15 млн. теңгеге дейін; технологияларды сатып алуға - 150 млн. теңгеге дейін; жоғары технологиялық өнім өндіретін стартап құруға - 50 млн. теңгеге дейін қаржылай грант қарастырылған.