• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда ЕО инновация бойынша жаңа гранттарының ережелері  түсіндірілуде 15.09.2014

«2014 жылдың 15-18 қыркүйегі аралығында Алматыда Инвестиция және даму министрлігі , «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ қолдауымен «Көкжиек-2020» атты зерттеу мен инновация бойынша Еуропалық Одақтың шектелмелі  бағдарламасынң жаңа байқауына арналған семинар өтіп жатыр. Шараға ғылым мен кәсіпкерлік, құзіретті мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компаниялар өкілдері қатысуда», - деп хабарлайды «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ.

Семинардың басты мақсаты – ғылыми зерттеулерге ЕО гранттарын беру ережелері туралы мәліметке қол жеткізу.

Жаңадан шыққан «Көкжиек-2020» бағдарламасына қабылдауда ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижелерін коммерциялауға ерекше мән берілген. Алғаш рет идея авторынан нарыққа дейін өнімді қолдау қолға алынбақ.

Сонымен қатар, Inco-Net-CA (Орта Азиядағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қолдаудың халықаралық желісі) жобасының міндеттемелеріне сай, ғылым мен нарық арасындағы байланысты орнатудың негізгі әдістемелерін оқытуға бағытталған тренингтер өткізу жоспарланып отыр. Лекциялар мен дәрістерді Еуроодақ елдерінің тәжірибелері мамандары жүргізеді.

«Аталмыш шара технологиялық дамудың өзекті мәселелерін халықаралық мамандармен талқылау және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді», - дейді «ҰТДА» АҚ халықаралық ынтымақтастық орталығы директоры – басқарушы директор Тимур Шалабаев.

Тренингті ұйымдастырушылар «ҰТДА» АҚ және IncoNet-CA жобасының өзге де әріптестері, сонымен қатар Португалияның инновация орталығы.


Back to the list