10.09.2014
Облыс әкімдігі хабарлағандай, жоба ҚарМТУ-дің «Инновациялық нәтижеге бағытталған университет ғылымының мақсатты дамуы» бағдарламасы бойыншап ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан қаржыландырылуда.
Диспетчерлік басқармалы жүйеге ие М2 В30-500 газ тазалау кешенінің өнеркәсіптік үлгісі толықтай технологиялық кестеге сай №9 алаңда жөндеуден өткізілді.
«Қазіргі таңда газ тазалау кешенінің үлгісін монтаждау жұмыстары жүргізілуде, зертханалық сынақтар орындалып, компанияның сынақ полигонында 100 000 м3/с-қа дейінгі көлемдегі технологиялық газ тазалау технологиясын жетілдіру мақсатымен зерттеу жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан бағдарлама аясында атмосфералық В-30 құрылғысы ауаны аэроионды бейімдеуге бағытталған.
Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков компанияның сынақ зертханасында болып, жаңа технологияның жұмыс істеу барысымен танысты.
Сондай-ақ, М2 В30-500 газ тазалау кешенінің өндірістік үлгісін қарап, осы кешен базасында инновациялық өндірістің іске қосылуы өңірдің экологиялық мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін айтты.