06.09.2014
Ведомствода хабарлағандай, отырыс барысында ҰҚШҰ ТЖҮК-ның төрағасы В.К. Божко қатысушыларды бір жыл ішінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер құзыретті органдарының төтенше жағдайлардың уақытылы алдын алу және олардың салдарын жоюдың тиімді жүйесін жасауға бағытталған бірлескен қызметтің үйлестіру механизмдерін қалыптастыру жөніндегі күштерін біріктіру бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпраттандырды.
2014 жылға арналған оқу-жаттығулар мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының өзара іс-әрекеттерін пысықтау бойынша басқа бірлескен іс-шаралар жоспарлары ойдағыдай іске асырылып жатқаны туралы баяндалды.
Осылайша, 2014 жылғы 6-7 маусымда «Жартасты қала – Астана» ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің негізгі полигонында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер құтқару бөлімшелерінің химиялық қауіпті объектілердегі аварияларды жою кезіндегі іс-әрекеттері» тақырыбында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер құтқару бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтті. 2014 жылғы 14-25 шілде аралығында Беларусь Республикасы ТЖМ жанындағы Гомель инженерлік институтының лицейінде XII Халықаралық жас өрт сөндіруші – құтқарушылардың жиыны өтті.
Айта кетейік, 2014 жылғы 18-22 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының аумағында ҰҚШҰ ҰЖӘК контигентін ұжымдық қауіпсіздік орталық азия өңірінде қолдану» тақырыбында ҰҚШҰ ҰЖӘК контингентімен «Өзара әрекеттесу-2014» атты бірлескен оқу-жаттығулар өтті. Оқу-жаттығуларға Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы құтқару бөлімшелері, Беларусь Республикасы ТЖМ жедел топтары қатысты.