31.08.2014
«Start-up жобалар аймағы» Л.Н.Гумилев атындағы инновациялық парктің құрылымдық бөлімшесі мен инновациялық кәсіпкерлікті қолдау бойынша университет бағдарламасы аясында ашылады. Онда үдемелі кәсіпкерлік қағидасы бойынша жұмыс жүргізіледі. Кәсіпкерлікті ерте кезден осылай қолдау моделі аз уақытта кәсіпкерлікті жедел дамытуға мүмкіндік береді», - деп хабарлайды ЖОО баспасөз қызметі.
Start-Up аймақ мақсаты – жаңалық иелеріне бастапқы кезде дұрыс жөн сілтеу мен тез дамуға көмектесу.
Жобаларды іріктеу кезінде оқу орнының түлектеріне, студенттеріне, магистранттарына, қызметкерлеріне басымдылық беріледі. Дегенмен жоба әркім үшін ашық.