• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда колледж студенттеріне арналған инновациалық білім беру жобасы іске қосылды – ҰКП 22.07.2014

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының ТжҚБ бөлімінің сарапшылары British Council (Британдық Кеңес) өкілдерімен кездесті.  Жұмыс кездесуі «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» бірлескен жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Жоба табысты мансап құруда жастардың білімін жетілдіруге, өз-өздерін дамытуға бағытталған.

Аталмыш жобаны Шеврон компаниясы қаржыландырып отыр. Мамыр мен маусым айлары аралығында қатысушылар, яғни колледж студенттері (50 адам) жобалау менеджменті, мансапты жоспарлау сынды бірқатар қажетті қасиеттер бойынша арнайы тренингтен өтті.

«I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасы Қазақстанның әлеуметтік жаңғыру жобасын негізге ала отырып жасақталған. 


Back to the list