15.07.2014
Ақтық мәреде 11 команда Seed және Start Up номинациялары бойынша сынға түсті. Қатысушылардың жұмысын әділ-қазы алқасы 6 баллдық жүйе бойынша бағалады. Айта кетерлік жайт, үздіктерді анықтау барысында жобалардың жаһандық нарыққа бейімділігі, таныстыру сапасы мен оларды жақын болашақта жүзеге асыру мүмкіндіктері басты назарда болды, делінген хабарламада.
Сонымен, Seed номинациясы бойынша малшаруашылығында асыл тұқымдылар есебі мен зоотехникалық есепті автоматтандыру жобасы жеңімпаз атанса, Start Up номинациясында Virtual Packet Core www.321act.com жобасы ешкімге жеңістік бермеді. Ал, компанияның арнайы сыйлығын Facebook – classificator – әлеуметтік сараптамалық жүйе жобасы иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, байқауға қатысуға мына бағыттар бойынша 169 жоба жіберілген болатын. Олар: SaaS (қызмет ретінде бағдарламалық қамтамасыз ету), Cloud Infrastructure (бұлтты есептеу), Data Storage (мәліметтерді сақтау), Data Analysis (мәліметтер сараптамасы), Social Networking Solutions (әлеуметтік желілердегі қызмет), Games (ойындар), e-Commerce Solutions (электронды коммерция саласындағы шешімдер), Everyday Services (күнделікті қызметтер), Mobile Solutions& Applications (мобильді телефондарға арналған шешімдер мен қосымшалар) және басқалары.