16.06.2014
Кластерге қатысуға қызығушылық танытқандар арасында машина жасау, нефтехимия, агроиндустрия, логистка және т.б. салалардың фирмалары болды, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
«Екі мемлекет үкіметтерінің қолдауы Қазақстанда өндіріс ашуға дайын поляк фирмалары қатарларының кеңеюіне әкелуде. Осындай жобаларды табысты ілгерілетуде кластер тұжырымдамасын қолдану қолайлы болайды, ал ол бірнеше саланың фирмалары, әкімшілік пен ғылыми ұйымдардың өзара тиімді ынтымақтастығына сүйенеді», - деп түсіндірді ҚР Варшавадағы Елшісі Ерік Өтембаев. Дипломаттың айтуынша, Қазақстан жағы біздің нарыққа тек аса ірі поляк компаниялары ғана емес, Польша экономикасының негізін құрайтын орта және шағын бизнестің келуіне мүдделі.
Осы орайда Поляк-қазақ ынтымақтастық пен даму кеңесінің төрағасы Казимеж Марцинкевич (2005-2006 жж. Польшаның Премьер-министрі болған) және Польша кластерлері одағының президенті Кшиштоф Крестовский «Серіктестік платформасы» қазақ-поляк ассоциациясымен екіжақты іскерлік бастамаларды қолдау жөнінде меморандумға қол қойған болатын.
Кластерлік жобаның тұсаукесері мен инвестициялық роуд-шоу поляк бизнесінің, мемлекеттік органдар мен БАҚ тарапынан шынайы қызығушылыққа бөленді. Екі іс-шараға да Польша Республикасы Сеймі мен Сенатының бірқатар депутаттары қатысты. Презентацияға қатысқан поляк кәсіпкерлері Еуроазиялық экономикалық одақ құрылуының шетелдік инвесторлар үшін кең ауқымды нарыққа есік ашып, көптеген процедуралар мен сертификаттардың бірізденуіне және сол арқылы бизнестің қызметіне жағдайына елеулі жеңілдіктер туғызатынын ризашылықпен атап өтті.