16.06.2014
Қала әкімдігінде хабарлағандай, бой көтерітін нысандардың ішінде «Шина-логистикалық кешені және шинаны қалпына келтіру өндірісі» жобасының 1-ші кезеңі - біруақытта 25 мың дана жүк көлігінің және 60 мың дана жеңіл көлік дөңгелегін сақтауға арналған. Қойманың өткізу қабілеті - айына 1,5 млн дана автошина бар.
Сондай-ақ, «KazTexExpo» автоматтандырылған сауда-өндірістік кешені - компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етілген тігін құрал-жабдықтарын құрастыруға және тоқыма өнімдерін шығаруға арналған жоба. Өндіріс қуаты - жылына 500 дана тігін машинасы салынады.
Айта кетейік, 5 кәсіпорын іске қосылғанда 800 жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпылай алғанда, Индустриалды паркте жүзеге асырылатын жобаларды өндірістік іске қосу 2017 жылы аяқталады.