04.06.2014
Топырақты – жер төсемінің төменгі қабатын – тұрақтандыратын технологияны енгізу материалдарды аз мөлшерде жұмсап, жұмыс қабатының қатып және ылғалдалуына байланысты пайда болған ақауларды азайтуға немесе мүлде болдырмауға мүмкіндік береді, деп көлік және коммуникация министрлігінде хабарлады.
Айталық, қазіргі кезде бұл технология Орталық – Оңтүстік «Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы» дәлізінің қайта салынуы барысында қолданылуда.
Салқын ресайклинг технологиясы немесе, басқа сөзбен айтқанда, ескі асфальтті кәдеге жаратып, содан кейін асфальт үгіндісін тұтқыр материалдармен қосуды жаңа ыстық асфальт-бетон қоспасын жеткізу қажеттілігін керек етпейді. Суық ресайклинг технологиясы материалды сақтауды керек етпейді, өйткені, шұңқырларды жөндеуде алынған материал қолданады, ескі төсемді қыздыру қажет емес. Бұл қуатты үнемдеу жағынан да, қоршаған ортаны қорғау жағынан да маңызды.
Қазіргі таңда тәжірибелік құрылыс жүргізіліп, асфальт-бетон қызметі мерзімін орташа алғанда 3-5 жылға ұзартатын асфальт-бетон қоспаларға қосымшалар – полимерлік түрлендіретін битумдарды қолдану нәтижелері талдануда.
Қазіргі кезде осы технология бойынша Солтүстік Қазақстан облысы (710-719 км А-16 «Жезқазған – Петропавл» автожолының учаскесі) мен Жамбыл облысындағы Мерке – Шу – Бұрлыбайтал автомобиль жолының 202-210 км, 238-246 км және 214-225 км (іріктемелі 9 км учаскелерде ) құрылыс жүргізілуде.
Сондай-ақ, асфальт-бетон жамылғыларды тұрақтандыратын құрамдар мен «Сларри Сил» қоспаларын қолданып тозығы жеткен жұқа қабаттарды пайдалануды енгізу жұмысы жүргізілуде. Оларды қолдану жөндеуаралық мерзімді ұзартып, автомобиль жолдарын күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Аталған қоспалар Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау және Алматы облыстарының автомобиль жолдарындағы 7 учаскелерді жөндеу барысында қолдануда.
Сонымен қатар, Германия, Швеция, Италия тәжірибелерін талдау нәтижелері бойынша жұқа және өте жұқа қабаттарды салғанда қолданатын асфальт-бетон қоспалараның жаңа буындарын Қазақстанда қолдануды ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда. Оларды нәтижелі бейімдеу автомобиль жолдарының пайдалану ресурстарын арттыра отырып, сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын орындау барысында шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Бірлескен химиялық компания» ЖШС мен «ҚазЖолҒЗИ» АҚ-ымен бірлесе отырып Қазақстанда полимерлік түрлендіретін қоспаларды өндіруді ұйымдастыру мүмкіндігін зерттейтін жұмыс тобын құрды.