03.06.2014
Кездесу барысында бұлтты технологияларға арналған мәліметтерді өңдеу мен жіберу жүйесіне инновациялық технологиялар мен eLTE 4G енгізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды «Транстелеком» компаниясының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Нұралы Алиев «Huawei» компаниясының көрме орталығы павильондарын аралап, онда ақпарттық технологиялар саласындағы соңғы жаңалықтар мен өнімдермен танысып, «Ақылды қала» технологиясы жүйесін тамашалады.
Өз кезегінде қазақстандық компания өкілдері қытайлық әріптестеріне «Транстелеком» АҚ қызметінің негізгі бағыттарын таныстырды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылдың мамыр айындағы Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында «Huawei» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Сунь Фан бастаған «Huawei» корпорациясы жетекшілігімен кездескен. Онда «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру мен ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелері, сонымен қатар қазақстандық қолданушыларға ғаламтор ресурс пен телекоммуникациялық ресурс ұсыну мәселелері талқыланған.