• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҰКП мен ҰТДА ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 25.05.2014

«Ұлттық техникалық дамыту агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов пен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Екатерина Никитинская меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар Қазақстан Республикасында индустриялды-инновациялық даму мақсатындағы ынтымақтастыққа келісімге келді, деп хабарлайды palata.kz порталы.

Құжатта инновациялық даму, мемлекеттік қолдауды кеңінен тарату мен оны ілгерілету, бірлескен сараптамалық топ құру, ҰКП Өңірлік палатасы қызметкерлерін индустриялды-инновациялық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау тетіктерін алу мәселесі бойынша кәсіпкерлерге ақпараттық-кеңес беру қызметтерін көрсету ережелеріне тегін оқыту қарастырылған. 


Back to the list