23.05.2014
««Шапағат» байқауы 2004 жылы Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асыру және азаматтардың өнертапқыштық қызметін ынталандыру мақсатында бекітілді», - деп Әділет министрлігінде хабарлады.
XI «Шапағат-2014» Республикалық өнертапқыштық саласындағы жетістіктер байқауының мынадай номинациялары бойынша 267 өтінім келіп түсті.
Олар мына номинациялар бойынша «Ең үздік жыл өнертабысы», «Ең үздік өнертапқыш әйел», «Ең жас өнертапқыш», «Ең белсенді өнертапқыш», «Жас дарын» жіктеледі.
Соңғы жылдары Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) марапаттарын табыстау дәстүрге айналды. Қазақстандық өнертапқыштарға ДЗМҰ марапаттарының табыс етілуі қазақстандық өнертапқыштардың халықаралық деңгейде танылуын айғақтайды.