06.05.2014
Бағдарлама аясында Астана мен Алматы қалаларында мамыр мен қараша айлары аралығында экономиканың басым салаларындағы стартап командалар мен инновациялық жобаларды іріктеу мен іздестіру бойынша 4 байқау өтеді, деп хабарлайды «ТДҰО» ресми порталы.
Бағдарлама арқылы инновациялық жобалар бастамашылары мен стартап командарларға беделді сарапшылардың кеңесін алуға, өз өнімдерін нарықта ілгерілету әдістерін игеруге мүмкіндік береді.
Бағдарлама аясындағы алғашқы екі байқау Астана мен Алматы қалаларында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, KazINNO – арнайы алаң болып табылады. Оның басты міндеттемесі әлеуеті жоғары қазақстандық стартап командаларға қолдау көрсету, компания құра отырып нарықты жаулауға жағдай жасау.
Конкурстар қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз шетелде іс-тәжірибеден өтеді (АҚШ, Норвегия, Израиль). Тәжірибе қорытындысы бойынша топтар өз жобаларын тәжірибелі серіктестермен талқылап, инвесторларға таныстырады.