• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қаржы министрлігі корпоративтік  инфрақұрылымды  жақсарту жоспарын таныстырды 20.11.2017

Инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін еліміздегі корпоративтік есептілік сапасын жақсарту жөніндегі іс-қимылдар жоспарын талқылауға ұлттық экономика, энергетика министрліктерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, Қазақстандық қор биржасының, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның өкілдері қатысты.

Жоспар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл мәселелерін қамтиды, өйткені ел үшін тұрақты даму жөніндегі есептілікке қойылатын талаптарды белгілеу сияқты осындай ауқымды және жаңа іс-шараларды көздейді.

Қазақстанда корпоративтік есептілік инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасын Қаржы министрлігі 2015 – 2016 жылдары Қазақстанда корпоративтік есептіліктің инфрақұрылымына жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша БҰҰ берген ұсынымдарды орындау мақсатында әзірледі.Жоспар өзіне 15 іс-шараны қамтиды.


Back to the list