17.11.2017
Павлодар облысында 2015 және 2016 жылдары өңірлік жалпы, 100,3% және 99,4%-ды құраған еді. Биылғы алғашқы жартыжылдықтың көрсеткіші бірден 106,2%-ды құрады. Мамандардың айтуынша, бұл нәтиже жыл соңына дейін сақталады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, өнеркәсіп өндірісі 5,9%-ға қарқынды дамыған. Павлодар облысында 48 миллионнан астам көмір өндірілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,8%-ға артық. Электрмен жабдықтау, газ жеткізу мен бу көлемі 204,6 миллиард теңгені құрап, физикалық көлем индексі 106,6%-ды көрсетті. Аймақ шегінде орналасқан электр стансалары 30 миллиард кВт.с энергия өндірген. Бұл 2016 жылға қарағанда 23,5%-ға артық. Сумен жабдықтау көлемі 8,8 миллиард көрсеткішіне жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10,7%-ға көп.
Жуырда Павлодар облысының әкімі Ақсу қаласындағы зауыттарда болып, өнеркәсіп өндірісінің дамуына көз жеткізді. «ЕЭК» АҚ-да Болат Бақауов келер жылдың ақпан айында аяқталатын №5 блоктың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Белгілі болғандай, мұнда барлық қызметкерлерге 18,5 мың теңгеге жалақы көтерген. Сондай-ақ, аймақ басшысы Ақсу ферроқорытпа зауытында іске асқан қайта өңдеу кешенінде болып, жұмысымен танысып қайтты.