• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазанда еліміздегі халық саны көбейді 15.11.2017

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте туылғандар саны 293,3 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 6,2% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,74 туылғандарды құрады.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 18,0 мың адамға немесе 8,5% кеміп, 194,9 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,45 адамды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 98,4 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,3% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,29 қайтыс болғандарды құрады.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикада 1 жасқа дейінгі 2386 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда

1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 13,0% азайды.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1195 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50,1% құрады. Туа біткен ауытқулардан 574 немесе 24,1%, тыныс органдары ауруларынан – 151 немесе 6,3% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 129 немесе 5,4% нәресте қайтыс болды.  2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,14 құрады.

 


Back to the list