• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
08.11.2017

«Транснефть – Урал» акционерлік қоғамының теріскейдегі өкілдігі 609 млн теңге салық төлемеген. Мемлекеттік кірістер департаменті мұнай өнімдерімен айналысатын компания өкілдігінің 5 жыл бойы бюджетке, бір тиын да құймай келгенін әшкереледі. Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілген. Енді кәсіпорынның бас есепшісіне қатысты сот үкімі де шықты. Өзге де деректер бойынша тексеріс жүргізген облыстық кірістер департаменті 1 млрд 600 млн теңгені мемлекет есебіне қайтарды.

«Тергеу барысында мемлекеттік шығынды қайтару мақсатында үкімді қамтамасыз ету үшін 609 млн мүлікке тыйым салынған болатын. Қазан айында сотпен жаңағы аталған кәсіпорынның жауапты тұлғасына ірі мөлшерде салықтан жалтару фактісі бойынша кінәлі деп табылып, 2 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазалары қолданылған болатын», - облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қаржылық қылмыстарды тексеру басқармасының бөлім басшысы Тірек Шәкенов.


Back to the list