• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 147 988 теңгені құрады 01.11.2017

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 272,8 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 271,1 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 215,7 мың теңге (1,5 есеге асты), өнеркәсіп саласында – 208,5 мың теңге (1,4 есеге асты), құрылыс саласында – 205,9 мың теңге (1,4 есеге асты) белгіленді.

Ең төменгі атаулы жалақы білім беру қызметкерлерінде белгіленді – 90,4 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 38,9%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 275,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 98,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 33,7%-ға төмен.


Back to the list