• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада ШОБ нысандары шығарған тауар  617 млрд теңгеге көбейді 26.10.2017

«Аймақтық жалпы өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 2016 жылы 57,4% көрсетті, 2015 жылмен салыстырғанда 11,4% көбейді (2015 жылы 46% құраған болатын). Аталған көрсеткішпен Астана еліміздің аймақтары арасында алдынғы орынды сақтап қалды», - делінген қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы таратқан хабарламада.

Бұған қоса 2017 жылдың 1 қазанындағы көрсеткішке сәйкес ШОК саласында жұмыс істеп жатқан нысандар 97 752 құрады, өткен жылмен салыстырғанда 7,1 % ұлғайған.

Сонымен бірге кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны да артты.  Бүгінде онда 316,2 мың адам жұмыс істейді, яғни 2016 жылғы көрсеткіштен 9,0% көп.

 

 

 


Back to the list