• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-да кәсіпкерлерге «Бір терезе» қағидасымен қызмет ететін толық форматты алғашқы орталық ашылды 16.10.2017

Облыс әкімі Даниал Аxметовтың тапсырмасы бойынша кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қоры негізінде құрылған орталықта 8 түрлі сервистік қызмет көрсетіледі. Ең бастысы мұнда барлық салалық және мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Олар енді мәселені жылдам шешіп қана қоймай, рұқсат және теxникалық құжаттарды беру ісімен де айналысады. Сондай-ақ, «Бизнес мектебі» мен «Кезекші прокурор» да жұмыс істейді.

«Бизнеске қажеттінің бәрін бір жерге шоғырландырдық. Мұнда жер қатынастары комитетінің өкілдері, су, жылу, кәріз жүйесі, электр энергиясы сияқты инфрақұрылым қызметі өкілдері де жұмыс істейді. Кеден департаменті де бар. Бір күннен кейін салық, әділет басқармалары мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығының мамандары да болады. Ары-бері жүрмей, осы жерден  мәселесін шешіп, сұрақтарына жауап алуға барлық жағдай жасалды», - деді облыс әкімі.

Кездесу барысында аймақтың коммуникациялары мен жер учаскелерінің интерактивті картасы көрсетілді. Сонымен қатар, дәл осындай орталық Семейде де ашылады. ШҚО кәсіпкерлер палатасы директоры Игорь Шацкийдің айтуынша, оған қажетті ресурстар мен ғимарат дайын.

 


Back to the list