• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада «AQMOL» сауда желісі ашылады 12.10.2017

Облыс əкімдігінің   баспасөз қызметінде хабарлағандай, жобаны 2 кезең бойынша жүзеге асыру қарастырылған.

 «Биылғы жылы Ақмола облысының бренд тауарлары Астанадағы үш сауда орнында сатылатын болады. Келер жылы көтерме жəне бөлшек сауда нүктелерінің санын 10-ға жеткізу көзделген», - деді «Есіл ƏКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қазбек Ескендіров.

Астанда алғашқы «AQMOL» сауда нүктесін ағымдағы жылдың қараша айында Р.Қошқарбаев даңғылында ашу жоспарланған.

Мұндағы əрбір сауда орнының көлемі 200-500 шаршы метр көлемінде болады.

«Дүкен сөрелерін жергілікті өніммен камтамасыз ету үшін бөлшек сауда орталығы құрылады. Нысаннан  тұрғындар еш қоспасыз сапалы өнім сатып ала алады. Осы мақсатта «АҚМОЛ» сауда үйі» ЖШС құрылды. Оған «Родина» Агрофирмасы»ЖШС, «Ижевский» ӨК, Астана Агро Продукт» ЖШС, CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС, «Айна» Сауда үй»  ЖШС тəрізді сүт жəне сүт өнімдерін өндіретін өңірдегі кəсіпорындар кіреді»,- деді Қазбек Ескендіров.

Алдағы уақытта тауар өндірушілер қатары артатын болады. Отандық сауда желісін құру астаналықтарға сапалы əрі арзан бағамен өнім жеткізуге мүмкіндік береді.

 Қазбек  Ескендіровтың  айтуынша, ойластырылған логистика істің тағы бір артықшылығы болып саналады.

 


Back to the list