11.10.2017
ҰЭМ хабарлағандай, ағымдағы жылдың басынан бері құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялардың бағасының өсімі 2,9% құрады.
Портландцеметтің бағасы 9,7%-ға, битумның – 7,7%, ағаш материалдарының – 4,1%, шағылдың – 3,6%, табақты шынының – 3,1%, бояулар мен эмальдардың – 2,8%, құмның – 1,8%, құбырлардың – 1,6%, кірпіштің – 0,8%-ға өсті. Линолеум – 6,2%, ғаныш – 4,6%, пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары – 3%-ға арзандады.