02.10.2017
«Біз барлық резервтерімізді сараптап шығып, облыстық даму жоспарын құрдық. Ол экономика ның 2,1 %-ға өсуін қарастырады. Бастапғыда 1,8% болады деп жоспарланған болатын. Үкіметпен жұмыс белсенді жүргізіле бастады. Соның арқасында республикалық бюджеттен қосымша 19,4 млрд теңге жұмылдыруға мүмкіндік туды. Алдағы уақытта нақтылауда біз тағы 5 млрд теңге бөлінетінін күтіп отырмыз». - деді Ерлан Қошанов.
Ол өсім драйверлерін атап өтті - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік. Өткен жылғы осындай мерзіммен салыстырғанда облыста өнеркәсіп өндірісі 236 млрд теңгеге өскен.
«Осы жазда облыста үш жаңа кәсіпорын іске қосылды - Абай қаласындағы «Волынка» ЖШС шұжық цехі, «Сарыарқа» ЕЭА аумағындағы отқа төзімді материалдар зауыты және Теміртау қаласындағы «КазГазоблок» зауыты. Сонымен қатар «RecyclingCompany» машиналарды жою зауытыынң бірінші кезегі тапсырылды», - деді аймақ басшысы.
Жыл соңына дейін Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 350 қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз ететін жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайтын тағы 6 өндірісті іске қосуды жоспарлап отырмыз.
Ерлан Қошанов көпшіліктің назарын Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында айтып өткен үшінші жаңғырту міндеттерінің бірі - Индустрияны енгізу 4,0-ге аударды.
Тек осы жылдың өзін-ақ олар жаңғырту мен өндірісті сандық жүйеге ауыстыруға 140 млрд теңге инвестициялап отыр. Ол өткен жылмен салыстырғанда 25 %-ға көбірек.