02.10.2017
Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 7,5%-ға өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары 2,1%-ға төмендеді.
2017 жылғы IІ тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша жоғарғы мәні Атырау облысында байқалды, онда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,7 есеге артты.
Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 57-66% құрады.
2017 жылғы ІI тоқсанда өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғарғы және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылығы 3,0 есені құрады (2016 жылғы IІ тоқсанда – 3,3 есе).