28.09.2017
Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай, 2016 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша жоғары мәні Атырау облысында байқалды, онда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге артты.
Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 56-63% құрайды.
2016 жылы өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғарғы және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылығы 3,3 есені құрады (2015 жылы – 3,6 есе).