22.09.2017
АХҚО баспасөз қызметінен хабарлағандай, орталықтың аталмыш бағыттағы қызметі жасыл өнімдерді дамыту үшін жағдай жасауға және қаржыландыру қызметін құруға арналады.
АХҚО жасыл бағдарламаларды қаржыландыруға ашық, атап айтқанда жасыл облигацияны шығаруға. АХҚО биржасы жасыл қаржы құралдарын шығаруға арналған негізгі алаң болады. Жасыл қаржыландыруды дамыту еліміздің экологиялық жобаларға капитал тартуға мүмкіндік береді.
АХҚО атап өткендей, ЕДҚҚБ әлем бойынша жасыл жобаларды және технологияларды жүзеге асыратын ірі қатысушы ретінде Қазақстанға аталмыш бағытта жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі.