20.09.2017
ҚР Ұлттық экономика министрлігінен хабарлағандай, АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-шілдеде туылғандар саны 222,8 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 6,5% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,27 туылғандарды құрады.
2017 жылғы қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 15,3 мың адамға немесе 9,5% кеміп,
145,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,89 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 77,3 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 0,4% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,38 қайтыс болғандарды құрады.
2017 жылғы қаңтар-шілдеде республикада 1 жасқа дейінгі 1876 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 15,2% азайды.
Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-шілдеде 949 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50,6% құрады. Туа біткен ауытқулардан 435 немесе 23,2%, тыныс органдары ауруларынан – 117 немесе 6,2% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 100 немесе 5,3% нәресте қайтыс болды. 2017 жылғы қаңтар-шілдеде нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,42 құрады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 39,1% көбейіп, 9 711 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 2,3% көбейіп,
19 407 адамды құрады, көші-қонның айырымы -9 696 адам болды.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.