15.09.2017
Бұдан басқа, зауыт көкөніс салаттарын дайындаудың жаңа желісін іске қосты. Жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорны қолданыстағы өндірісті жаңғырту, автоматтандыру және кеңейту жүргізгеннен кейін 2 жаңа цех пайдалануға енгізілді. Өнімнің қызанақ пастасы, кетчуп, жеміс тоспасы және тұздық секілді барлығы 20-дан астам тауарлар атауымен аталатын түрі бар.
Өндірістің қуаты жылына барлық өнімнің 6,3 мың тоннасын құрайды, бұл қазақстан нарығының қызанақ пастасына деген қажеттілігінің 50%-дан астам қажеттілігін жабады. Компанияның өнімі Қазақстанның, Ресейдің және Қырғызстанның 42 өңіріне ұсынылды.
Зауыттың «Кәсіпкерлікті қолдау картасының және «Агробизнес-2020» бағдарламасының қатысушысы болып табылатынын атап өтеміз.