04.09.2017
Ерлер әйелдерге қарағанда өз тұрмысына көбірек қанағаттанған (тиісінше 60,3% және 53,8%).
Екі жыл бұрын жүргізілген осыған ұқсас зерттеумен салыстырғанда үй шаруашылықтарының тұрмысқа қанағаттанушылығы 4,7 пайыздық тармаққа төмендеді (2015 жылы – 61,2%).
Сұрау нәтижесі өздерінің қаржылық жағдайларымен 20,4% үй шаруашылықтары қанағаттанғанын көрсетті, бұл ретте өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың қанағаттанушылығы жалдамалы жұмыспен қамтылғандардан жоғарырақ - тиісінше 29,4% және 20,6%.
Зерттеу қорытындысы бойынша пікіртерім жүргізілген респонденттердің 47,2% өз денсаулықтарымен қанағаттанған, 46,8% ішінара қанағаттанған. Бұл ретте, жас ұлғайған сайын денсаулықпен қанағаттанушылық деңгейі орташа алғанда үш есеге төмендеді. Респонденттердің пікірлері бойынша денсаулық сақтау мекемелеріне барған кезде жиі кездесетін мәселелер қатарында кезектердің көптігі (70,7%), жеке салаға маманданған дәрігерлердің жетіспеушілігі (43,8%) және дәрігерлердің біліксіздігі (немқұрайлылығы) (29,3%) болып табылды.
Респонденттердің жартысынан астамы (55,3%) туыстары мен таныстарының моральдік қолдауына сенімді екендігін көрсетті, бұл ретте ерлер мен әйелдер моральдік қолдау көрсетілетініне бірдей пікірде болған (тиісінше 56,8% және 54,3%).
Өздерінің бос уақыттарының көлемімен 40,4% респондентттер қанағаттанған, бұл ретте олардың тек 28,3% өздерінің бос уақыттарын спорт немесе денешынықтырумен айналысуға жұмсауға дайын.
Пікіртерім жүргізілген респонденттердің 63,1% негізгі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің ұсынылған тізбесінен халыққа қызмет көрсету орталықтарының көрсетілетін қызмет сапасымен көбірек қанағаттанған.
Тұрғын үйді алудағы негізгі мәселелер ретінде респонденттер тұрғын үйдің жоғары құнын (52,6%), қаражаттың жетіспеушілігін (34,5%) және ипотекалық несиелердің жоғары пайыздық мөлшерлемелерін (29,4%) көрсетті.
Материалдық қамтамасыз етілу (ауқаттылық) деңгейі бойынша респонденттердің 52,1% өздерін қамтамасыз етілудің орташа деңгейіне жатқызды, қамтамасыз етілудің төменгі деңгейін 2,6% респонденттер көрсетті және респонденттердің тек 0,3% өздерін қамтамасыз етілудің жоғары деңгейіне жатқызды.
Бұл ретте табыс деңгейі бойынша 35,2% респонденттер қажеттінің барлығын сатып ала алатындықтарын көрсетті, 31,4% тамаққа және киімге жетеді, бірақ олардың ұзақ пайдаланатын тауарларды (телевизор, тоңазытқыш және тағы басқа) сатып алуға мүмкіндіктері жоқ деп есептейді, ал 3,8% респонденттер қаражаттың тамаққа да жетпейтіндігін көрсетті.
Үй шаруашылықтарында кездесетін мұқтаждықтардың түрлері туралы сұрақтарға 36% респонденттер ақылы дәрігердің қабылдауына төлем жасай алмайтындықтарын, 31,9% өмірлік маңызы бар дәрілерге қаражаты бола бермейтінін көрсетті.
Соңғы жылы әл-ауқаттарының өзгермегені туралы 59,8% респонденттер белгілесе, ал жақсарғандығын 33,6% респонденттер белгіледі.
Өзінің перспективадағы болашағы туралы 40,2% респонденттер оң көзқарасын білдірді, болашақта жақсаратынын 37,7% болжайды және респонденттердің тек 0,3% тұрмыстары нашарлай түседі деп ойлайды.